Қырғыз Президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті

Screenshot_16.jpg

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Түркі Академиясының Президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғыз Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Кездесуге Түркі Академиясының мүшесі, профессор Қыдырәлі Қонқобаев қатысты. 

Тараптар білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты. 

Қырғызстан Президенті Түркі академиясына 2018 жылы Шыңғыс Айтматовтың 90-жылдығына орай өткен іс-шараларды ұйымдастыруға және «Манас» эпосын дәріптеуге ат салысқаны үшін алғыс білдірді. 

Сонымен қатар, Сооранбай Жээнбеков түркі әлемінің ұлы тұлғаларына, ортақ тарихы пен мәдениетіне арналған халықаралық конференцияларды, форумдар мен семинарлар өткізудегі Академияның белсенді жұмысына да ризашылығын білдірді. Ол мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың бауырлас елдер арасындағы интеграцияны нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті. 

Президент Сооронбай Жээнбеков Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінің 950 жылдығына орай алдағы қараша айында Қырғыз Республикасында өткізілгелі отырған халықаралық конференцияның жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді. 

Өз кезегінде Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) ісбасындағы төрағасы – Қырғыз Республикасының Президентін Академияның қазіргі атқарып жатқан іргелі істерімен және алдағы маңызды міндеттерімен таныстырды. 

Дархан Қыдырәлі түркі тарихы мен мәдениетін әріқарай кең таныта түсу мақсатында Қырғызстанның ғылыми және білім беру ұйымдарымен әріптестік байланыстарды тереңдете түсуге дайын екенін білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер