Атырауда 4 мың көшет отырғызылды


67421067_2274292426217044_5846326272342360064_n.jpg

Бұл күні қалаға жалпы саны 4000-ға жуық қараағаш, шегіршін, үйеңкі, шаған ағаштарының көшеті отырғызылды.

"Мұндай акцияны алғаш өткізіп тұрған жоқпыз. Бұл аймақтағы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған міндеттердің бірі. Жергілікті жағдайға бейімделген ағаштар", - деді облыс әкімі.

Облыс әкімі атап өткендей, мұндай шаралар адамдарды табиғатқа қамқорлықпен қарауға шақырады. Бастысы, акция тұрғындардан толық қолдау тапты.

"Түрлі пікірлерге қарамастан Атырауды жасыл қалаға айналдыруға болады. Бірақ бұл тұрғындардың араласуымен жүзеге асады. біздің климаттық жағдайымыз қаталдау, сонда да қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, экологияны жақсартатынымызға сенеміз", - деді Нұрлан Ноғаев.

Соңғы жылдары отырғызылған көшеттер жақсы өсіп жатыр, бұл да облыс орталығының экологиясын жақсартуға ықпал етеді.

Айта кетейік, күзгі мезгілде Атырауға бұл акциядан бөлек тағы да 3 мың көшет отырғызылады. Биыл көктемде 2500-ден астам көшет отырғызылды.
Еске салсақ, биыл Атырау қаласын көгалдандыру бойынша жобаны  "Каспийдормостострой" ЖШС жүзеге асырады. МЖӘ аясында компания облыс орталығын көгалдандыру, жасыл желектерді күту, су құбырын жөндеу, жалпы ұзындығы 147 км жаңа су құбыры желісін салу жұмыстарымен айналысады. Мекемемен келісім шарт бес жылға жасалған.

Компания осы уақыт аралығында 50000 ағаш отырғызып, жыл сайын 338 мың гүл, 3,5 мың дана тал егеді. 2023 жылы отырғызылған ағаштар саны 25 мыңға жетеді, оның екі мыңы жеміс ағаштары болады деген жоспар бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер