«Ядросыз әлемге қадам»

Screenshot_44.jpg

Шардара аудандық мәдениет сарайы жанындағы «Достық» үйінде «Ядросыз әлемге қадам» тақырыбында аудандағы Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мамандары.

Дөңгелек үстелге аудан әкімінің орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандағы Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтар, аудандық орталық кітапхана жүйесі және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы ашып, осыдан 28 жыл бұрын, 1991 жылғы 29 тамызда еліміз үшін тарихи шешім қабылданғандығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізіліп, қазаққа зор қасірет төндірген Семей полигоны жабылды. Бұл Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі екендігін атап өтті.

Сондай-ақ аудан әкімі Қ.Жолдыбайдың атынан ауданның өсіп өркендеуіне, экономикалық дамуына үлес қосып жүрген Семей ядролық полигонынан зардап шеккен бірқатар азаматтар марапатталды.

Дөңгелек үстел барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, аудандағы Семей ядролық полигоны ұйымының төрағасы Н.Тоқсанбаевтар Семей ядролық полигонының зардаптары туралы тоқталып өтті. Іс-шараға қатысушылар осындай елге қасірет төндірген полигонды тек қана Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде болмаса екен деген пікірін білдірді. Іс-шара соңы аудан әкімінің арнайы жайылған дастарханына ұласты.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер