Қоғамдық кеңес жиын өткізді

Screenshot_4.jpg

Отырар аудандық кеңестің төрағасы Аралбай Асанның басқаруымен таяуда кеңестің кезекті жиыны өтті. Күн тәртібіне аудандағы дене шынықтыру және спорт, ветеринария бөлімдеріндегі биылғы өткен алты айдағы атқарылған жұмыстар туралы мәселелер енгізілген жиында бұл жөнінде аталған бөлімдердің басшылары Ермек Ташов пен Тоқсейіт Елекеевтердің есепері тыңдалды.

Бөлім басшыларының өткен жарты жыл ішіндегі жеткен жетістіктер мен алдағы уақытта атқарылар тірліктерді тілдеріне тиек еткен жиында Ж.Әбдіқадыровтың Т.Елекеевке жеке азаматтардан сатып алынатын ет, сүт өнімдерінің сапасы көңілге күмән, күдік ұялататынын қынжыла айтып, осыған тиісті орындар тарапынан жүйелі түрде қадағалау, бақылау қажет деген орында пікірін Ж.Айнабеков, Ө.Жүніс, С.Қыдыр, О.Тоқбергенов сияқты белсенді кеңес мүшелері одан әрі өрбітіп, өздерінің көкейлеріндегі ойларын да іркіп қалмады. 

Есеп берген бөлім басшылары алдағы уақыттарда айтылған ұсыныс-пікірлерден оңды нәтижелер шығарып жатса мұның өзі ілгері жылжуымызға септігін тигізері сөзсіз.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер