Спортшылар алғысқа бөленді

Screenshot_6.jpg  

Отырар ауданында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық мереке ұйымдастырылды. Спорт саласы мамандарының кәсіби мерекесіне аудан әкімінің міндетін атқарушы Әбдіғали Жүнісов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов арнайы қатысып, аудан спортшыларын төл мерекелерімен құттықтадыдеп мәлімдейді аудан әкімінің баспасөз қызметі.

   Мерекелік кеш барысында ауданның атын шығарып жүрген спортшылардың аты аталып, құрмет көрсетілді. Мәселен, еркін күрестен ауыл спортшылары арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы Рахат Қуатұлы, Белбеу күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жұмажан Әзімжанұлы, Қазақ күресінен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері Әділ Серікұлы, Қазақ күресінен ҚР чемпионатының қола жүлдегері Жасұлан Жеңісханұлы, Грепплингтер Азия Ореn жарысының қола жүлдегері Әлихан Біржанұлы, Тоғызқұмалақтан ҚР Біріншіліктерінің жеңімпазы Гүлназ Ерболқызы, волейболдан ҚР чемпионатының жүлдегері Құндызай Әбілбекқызы, Үстел теннисінен ҚР чемпионатының жүлдегері Мәди Қалиұлы, Баскетболдан спорт шеберлігіне үміткерлер Жантолқын Дүйсенбайқызы мен Ақерке Асқарқызы секілді спорт саңлақтарының есімін мақтанышпен айтуға болады.

Мерекелік шара барысында спорт саласының қызметкерлері мен аудан спортына еңбек сіңірген жаттықтырушылар және бір топ спорт саңлақтары аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, мерекелік жиында облыстық спорт басқармасының, аудандық мәслихат хатшысының, "Нұр Отан" партиясы Отырар аудандық филиалының құрмет грамоталары мен спорт бөлімінің алғыс хаттары да табысталды.

Сонымен қатар, шарада "Отырар қорғанысына 800 жыл" толуына орай ұйымдастырылған 40 жастан асқан ардагер спортшылар арасында футзалдан өткен Отырар ауданы біріншілігінің жеңімпаздары мен үздік ойыншылары да анықталып, бағалы сый-сыйапатқа ие болды.

Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер