Бизнесті бастаудың жолдарын үйретті

Screenshot_9.jpg

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасын іске қосқаны белгілі. "Жастар жылына" орай, ұлттық кәсіпкерлер палатасы осылайша кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсетуді қолға алды.

«Жас кәсіпкер» – оқу жобасы ел ауқымында тиімділігін көрсеткен, танымал «Бастау» жобасы аясында іске асырылуда. Үздік бизнес-тренерлерден шеберлік сабақ алған ордабасылық жастар бүгін аудан әкімінің орынбасары Аңсарбек Әбдіқұловпен кездесіп, пікір алмасты. Бұл туралы аудан әкімі баспасөз қызметінің мамандары мәлімдеді. 

  Басқосуда "Александровский сад" ЖШС директоры Бақтияр Тағаев, асыл тұқымды шаруашылық "Ордабасы ешкі сүт өнімдері" ЖШС төрағасының орынбасары Тимур Мұратұлы жастарға кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерудегі тәжірбиелерімен бөлісті. Бизнес-тренер Ардақ Үкібаева аудан бойынша "Жас кәсіпкер" жобасы аясында 47 азаматтың оқытылғанын, бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 249-ға жеткізу жоспарланғанын атап өтті.

Басқосу барысында жастар өзін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты кеңес алды.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер