"ТҮРКІСТАН-ПЕТРОПАВЛ-ҚОСТАНАЙ-КӨКШЕТАУ" ақпараттық турының соңғы бекеті - Ақмола облысы болғандықтан, түркістандық делегация Бурабай, Зеренді жерін аралап, облыс орталығы - Көкшетау қаласына сапар жасады.
Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметінің мәліментінше мұнда қазіргі таңда Түркістан өңірінен 2018-19 жылдары 68 жас "Серпін" бағдарламасымен оқуға түскен.
Жалпы, 2018-2019 оқу жылында Ақмола облысында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 1746 студент білім алуда. Оның ішінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде -1356, колледждерде - 390 азамат оқу оқып жүр.
Соның бірі - 2017-2018 ж. "Жас Отан" Жастар қанаты бөлімінің "Үздік басшысы" номинациясын жеңіп алған Құрманбек Әділет. Кентау қаласының тумасы ЭКСПО- 2017 Халықаралық көрмесінде ерікті болып қызмет еткен. Қазіргі таңда Ақмола облысының жас белсенділерінің бірі. Әділет секілді Түркістан өңірінен келіп, түрлі республикалық, облыстық шараларға қатысып жүрген жастар өте көп.
Сондай-ақ білімді жастар өмірімен танысқан БАҚ өкілдерімен Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин арнайы кездесіп, қонақтарға "Жер жәннаты - Ақмола" танымдық кітабын сыйлап, сәт сапар тіледі.