Қалдық матадан қуыршақ тігеді

Screenshot_1.jpg

Мақтаарал ауданында «Жас кәсіпкер» жобасына 76 азамат қатысып білім алудың алғашқы легін бастады. Жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға бағытталған бастама Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен жасалған. Қазірдің өзінде 400 ге жуық кәсіп ашам деген ниетті тұрғындар өз өтініштерін білдерген. Мамандардың дерегінше бүгінде аталған жоба бойынша ауданда 75 азамат бизнес-тренерлерден білім алған. 200 айлық есептік көрсеткіш бойынша 505 000 грант негізінде берілетін қаржылай  көмекті жеңіп алып, кәсіппен айналысуда. Жалпы жыл соңына дейін жас кәсіпкер бағдарламасына ауданнан 320 адам қамтылады деп жоспарлануда.

Мырзакенттік Салиха Кукиева да аталмыш бағдарламаның пайдасын көріп, табыс тауып отырған жанның бірі.  Бала күнінен қолына ине мен жіп ұстап өскен ол қазіргі таңда   интерер қуыршақтар тігеді. Бұл идея оған маталардың қалдығын кәдеге жарату негізінде келген.    «Түркістан қаласында бір үлкен ірі жобаға қатыстық. Ол жерде небір ірі компаниялардың арасында бізде атсалысып өзімізді көпшілікке таныттық деп ойлаймын. Ол жердегі менің ерекшеленген жұмысым мына интерьер қуыршақтары ешкімде болмады. Осы қуыршақтарым бәрін таңқалдырды»,- деп ағынан жарылған  қөлөнерші алдағы жоспаларымен бөлісті: « Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Сол қолдаудың арқасында келешекте кестелеу тігін машинасын алғым келіп отыр.  Мақтааралдың брендін жасағым келеді»,- дейді кәсіпкер.  

 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер