Ауылдық клубтар жанданады

Screenshot_4.jpg 

Түркістан облысы мәдениет басқармасы мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Түлкібас ауданына қарасты Машат ауылдық клубында «Ауылдық клуб мекемелеріне әдістемелік көмек беру ісін жетілдіру» атты тақырыпта облыстық семинар-кеңес өтті. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз мамандары хабарлайды. 

Іс-шараның мақсаты облыс көлеміндегі халық шығармашылығын дамытуда инновациялық жобалар жасап, тәжірибе алмасу. «Ауылдық клуб мекемелерінде әдістемелік көмек беру ісін жетілдіру», мәдени – тынығу, бұқаралық іс – шараларды өткізу, мәдениет мекемелерінің қоғамдағы рөлі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс – шаралардағы тәжірибе алмасу.

Семинар –кеңеске Түркістан облысы аумағындағы қалалық, аудандық, мәдениет қызметкерлері қатысып, ауылдық клуб мекемелерінде әдістемелік көмек беру ісін жетілдіру бағытында әңгіме өрбітті.

Шара барысында келген қонақтарға Түлкібас ауданы аумағында орналасқан киелі жерлерге экскурсия ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тарапынан концерттік бағдарлама тарту етілді.

Келген қонақтар Түлкібас ауданындағы мәдениет саласын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын беріп, өмірден өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер