Жолдауды қолдауға шақырды

Screenshot_13.jpg

Облыс орталығында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын іске асыруға арналған жиын өтті. Алқалы жиында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Жолдауда айқындалған бағыттарға тоқталып, нақты тапсырмалар берді. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қзыметінің мамандары хабарлайды. 

      «Көптеген арыз-шағымдарды оңтайлы шешуде «Азаматтар өтініштерін бақылау» бөлімін құруды тапсырамын. Аталған бөлім барлық деңгейдегі арыз-шағымдардың мерзімінде жауап берілуіне бақылау жасайды. Халықпен байланысты нығайтуда қоғамдық бақылау және партия белсенділері мен шенеуніктерді бағалау тетігін ұйымдастыра білуіміз керек", - деді жиын барысында  Өмірзақ Естайұлы.

      Жалпы, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп түрлері кеңінен дамыған. Экспорттық потенциал өте жоғары. Аталған нысандардың өнімдері “Kazakh Invest”, «Kazakh Tourizm» мекемелері ұйымдастыратын халықаралық көрмелерге тұрақты қатысуын облыс басшысы тиісті сала басшыларына жүктеді. Жолдауда атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, облыс тұрғындарын Жолдауды қолдауға шақырды.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер