Алғашқы кездесу

Screenshot_20.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттердің маңызын екшеп, халыққа кеңінен насихаттау үшін облыстық ақпараттық-насихат тобы аудан, қалаларға жолға шықты. Алғашқы кездесу Кентау қаласынан бастау алды. 

 Кездесу 1300 адамды жұмыспен қамтып отырған Кентау трансформатор зауытында өтті деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Облыс әкімінің орынбасары өңірдегі білім саласын жетілдіру мен бала құқығын қорғау, сондай-ақ дарынды балаларды қолдау бойынша атқарылатын тың жұмыстарға тоқталды. Жиында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Көпжасар Жетпісбаев Жолдауда міндеттелген 5 бағытты айшықтап, жеке-жеке тоқталып өтті. Жолдауды насихаттау, түсіндіру жиыны Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында жалғасты.

Мемлекет басшысының алғашқы халыққа Жолдауының жүзеге асуына орай өткен жиында Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов баяндама жасады. Өз сөзінде Кентау қаласының әкімі қала мен ауылдардағы «Оқушылар үйінің» материалдық - техникалық базалары ескіргендіктен, толықтай жаңартылатынын атап өтті. Сондай-ақ бала құқығын қорғау комиссиясының құрамы жаңарып, комиссия жұмысы ашық әрі әділ болу үшін онда қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын қоғамдық ұйым өкілдері мен блогерлер тартылмақ. Мұндай кездесулер Түркістан облысына қарасты барлық аудан, қалаларда өткізілуде.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Марафондағы екі адам өлімі: Министр мәлімдеме жасады
  • Қазақстанда жәрдемақы беру тәртібі өзгереді
  • Ұлытауда 212 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды
  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер