Тіл жанашырлары марапатталды

Screenshot_15.jpg

"Қазақстан халқының тілдері күніне" орай Сайрам ауданының орталығындағы мәдениет үйінде Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туылған күніне орай "Мемлекеттік тіл-мәңгілік елдің мәңгілік тілі" тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырылды. 

      Мерекелік шарада аудан әкімі Бақтияр Мамаев  сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын осынау мерейлі мерекемен құттықтады. «Құрметті, тұрғындар, баршаңызды Қазақстан халқының тілдері күнімен" шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тілі – әлемдегі ең бай, көркем, әуезді, ғажап тіл. Ана тіліміздің қалыптасуына, дамуына әрине ұлы тұлғаларымыз Ахмет Байтұрсынов пен Абай Құнанбаевтың еңбегі зор болды. Біз тіл жанашырларын ешқашан ұмытпауымыз қажет. Әр адам өзінің тілін құрметтеуді үйренсе, өзгені де құрметтейді»,- деген аудан әкімі өңірде тіл дамытуға арналған шараларға тоқталып өтті.   

   Бұл кеште  аудандағы бірқатар тіл жанашырлары марапатталып, еңбектері еленді.   Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік қойылымымен жалғасын тапты.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер