Азаматтардың арыз-шағымы тез шешілетін болады

Screenshot_18.jpg

Түркістанда «Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау кеңсесі OPEN SPACE форматына көшірілді. Облыс тұрғындары енді  кеңсеге тоқтап, электронды түрде арыз-шағымын тіркетіп, тиісті жауабын ала алады. Мұндай форматтағы қабылдау Алматыдан кейін Түркістанда ашылып отыр. Бұл Жоба Елбасының партияны қайта жаңғырту бағдарламасына сай іске асып отыр.

Жңа ыңғайластырылған кеңсенінің жұмысымен  Түркістанға арнайы іс-сапармен келген партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өзі танысып қайтты.  

Мамандардың мәліметінше 2019 жылдың 8 айында партияның облыстық филиалының Қоғамдық қабылдауына 5933 арыз-шағым түсті. Оның 45%-ы оңтайлы шешіліп, 3097 өтінішке заң аясында кеңес берілген, 74 өтініш қаралу үстінде.

Сондай-ақ, ашылу салтанатында өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы: «Қазіргі таңда халық талапшыл, жаңашылдыққа құмар. Біз оларға көмек көрсету үшін өзіміз алдымен талапқа сай сауатты, сапалы қызмет көрсете алатын, заманауи болуымыз қажет. Партия әрдайым халықтың жағында болып, кез-келген мәселеде тиімді шешу жолымен, өзіндік орнымен, белсенділік танытып келеді. Бүгін де ашықтығы пен жақындығын көрсетіп, осы кеңсені ашып отырмыз. Осында көмек сұрап келген әрбір азаматтың мәселесін шешіп, қолдау тауып қайтатынына сенемін! Міндетті түрде өзім де, орынбасарларым мен басқарма басшылары да тұрақты қабылдау жүргізіп отырамыз», - деп филиал ұжымына сенім білдірді.

Атап өтейік, күрделі жөндеуден өткен Қоғамдық қабылдау қазір тұрғындарды қабылдауға дайын.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер