Аудиторлық тексеру. БҚО медуниверситетінде бірқатар заң бұзушылық анықталды

b03c22c4e7e52efc612330ee2b5578c5.jpg
"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоспардан тыс аудиторлық тексеру қорытындысын құқық қорғау органдарына жіберді. 11 қазанда  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде  Жауапты хатшы Ботагөз Жакселекованың төрағалығымен мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі Кеңестің отырысы өтті. Жиында  «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ жүргізілген жоспардан тыс мемлекеттік аудиторлық тексерудің қорытындысы қаралды" - делінген хабарламада.

Ішкі аудит департаменті аудиторлық іс-шара бойынша анықталған бірқатар заң бұзушылықты  атады:

Университеттегі  материалдық -тауарлар   негізсіз есептен шығарылған, азаматтық-құқықтық мәміле шарттарына сәйкес келмейтін  тауарлар, жұмыстар мен қызметтер анықталды, «Жастар-Арена» стадионына жүргізілген  құрылыстың сапасы төмен және еңбек заңнамасы  бұзылған.

Кеңесте БҚО медуниверситетінен тексеру барысында табылған барлық материалды құқық қорғау органдарына жіберу туралы шешім қабылдады.

Айта кету керек, 2018 жылы 15 тамызда  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған, онда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша күдік болған кезде, жедел ден қою және материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарына жіберу қарастырылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер