Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі

Screenshot_6.jpg

2020 жылдан бастап көпбалалы отбасылардың барлығына табысына қарамастан жәрдемақы беріледі. Атап айтсақ, мемлекет тарапынан балаларға және көпбалалы отбасыларға көмектесу мақсатында кешенді шаралар мен бағыттар қабылдаған. Сол бағыттардың бірі - көпбалалы отбасылардың барлығына кепілдендірілген жәрдемақы тағайындау болып отыр. 

Бұл туралы АӘК тағайындаудың жаңа тәртібі жөнінде Шымкент қаласында өткізілген баспасөз брифингінде қала әкімінің орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы айтып берді. 

"Осы бағдарламаның аясында алдағы уақытта көпбалалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі. Бұл жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді. Төлемнің мөлшері бала санына байланысты орта есеппен әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, бұл көмек тағайындалғаннан кейін, ай сайын төленеді", - деді Ербол Әбілхайырұлы.

Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, Шымкент қаласында 2019 жылдың 1 қазанына 65 536 отбасыға (324 877 адам) 44,9 млрд.тг. атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (оның ішінде 10 813 отбасы (16,5%) шартсыз, 54 723 отбасы (83,5%) шартты ақшалай көмек алды). Ағымдағы жылдың тоғыз айында атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген 22,3 млрд.теңгенің 14,6 млрд.тг. немесе 65,5% игерілді. Қабылданған өтініштердің саны 2018 жылмен салыстырғанда (10,8 мың отбасы) 6,9 есеге артты.

Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналасуға көмектеседі. Кешенді шаралар 3 бағытты құрайды.

Біріншісі – көп балалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну, бұл ретте көп балалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады. Сонымен қатар, бұл көп балалы аналардың материалды жағдайына және әлеуметтік статусына қарамай авторитетін мойындау болып табылады және елімізде бала туу көрсеткішін жоғарылатады.

Шымкент қаласы бойынша АӘК алатын 53 616 (264 804 адам) отбасының ішінде 17 943 (116 720 адам) көп балалы отбасылылар немесе 44%-ы.

Сондықтан көп балалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді.

Бұл төлемнің мөлшері отбасындағы бала санына байланысты дифференциалды болады, орта есеппен әр баларға 10-11 мың теңгені құрайды, және 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған жәрдемақының мөлшерінен 4-7 есе артық болады.

Бұл көп балалы отбасыларға қосымша қолдау болады.

Екіншісі – аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру. АӘК аз қамтамасыз етілген, соның ішінде көп балалы отбасыларға төленеді. Критерийі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы деңгейінде қалады.

Үшіншісі – барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакетті ұсыну.

Аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет ендіріледі.

Пакет:

- Мектепке жасына дейінгі балалар үшін: балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері (323,4 мың балаға 5 302 теңгеден);

- Мектеп жасындағы балалар үшін – мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу (ыстық тамақ: күніне 300 теңгеден 480 мың балаға 6 628 теңге, жолақысы: 222 мың балаға 2 069 теңгеден, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері: табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40% аспайтын 245 мың балаға 25 000 теңгеден).

*1 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке жастағы балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында келесі тауарлар ұсынылады:

- гигиена құралдары, тоқсанына 1 рет 1774 теңгеге (балалар тіс пастасы, тіс щеткасы, балаларға арналған гипоаллергенді крем, сусабын, кір сабын және кір жуғыш зат);

- физиологиялық нормаларға сәйкес ғылыми-негізделген балалар үшін арналған азық-түлік жиынтығы, 4710 теңге ай сайын. Барлық өнімдер мен гигиена құралдары ай сайын 5302 теңгеге тең болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер