Шымкентте дендросаябақ көркейеді

Screenshot_7.jpg

Шымкентте жер қойнауын пайдаланушы алты компаниямен жасалған келісім шарт уақытынан бұрын тоқтатылды. Оған қоса міндеттемелерді орындамаған 20 жер мекемеге ескертпе хат жіберілген. Бұл жайында Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев мәлімдеді. 

- Қала аумағында 4331 гектар мемлекеттік орман қоры бар. Елбасы тапсырмасына сәйкес 16гектар жерге «Шымсая» шатқалы салынған болатын. Сондай-ақ, 976 гектар жер көгалды аймаққа айналған. Басқармаға жасыл желекті күтіп, молайту жұмыстарына биыл 184 млн. 48мың теңге бөлінген. Бүгінге дейін оның 113,5 млны игерілген, - дейді басқарма басшысы. 

Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері 73 нысанға мемлекеттік экологиялық сараптама жасалды. 10 жер қойнауын пайдаланушыдан мемлекет қазынасына 77 млн теңге өндірілді. Дәл осындай қарызы бар 4 мекемеге сот арқылы мәжбүрлеп төлету жұмыстары жүргізілуде.

- Асанбай Асқаров атындағы Дендросаябақты көркейту үшін бюджеттен 202,6 млн. теңге бөлінген. Саябақтың көлемі 117 гектар жерді алып жатыр. Мұнда 261 өсімдік, 100 000-нан аса аға түрі бар, - деп басқарма басшысы алдағы уақытта дендросаябақ көркейетінін жеткізді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер