Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Ғалымжан Абишев, дәрілік заттармен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің басшысы Гауһар Абенова, қалалық окнологиялық орталықтың бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Жақсылық Мауленов Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта баспасөз мәслихатын өткізіп, өзекті сауалдарға жауар берді.
Брифингті өткізуші мамандардың айтуынша, қазіргі таңда қалалық онкологиялық орталыққа 6 дәрілік заттар (№30 – 105 нәжіс қабылдағыш, Тайверб-2 уп, Темо – эл 18мг – 10 уп, Фаристон 60мг – 34 уп, Герцептин 120мг/5мл – 27 уп, Аксастрол 1мг-212 уп) жеткізілген. Науқастардың қажеттілігі толық қамтамасыз етілді. Аурухана тарапынан науқастарды арнайы емдеу кезінде үзілісге жол берілмеген.
6 науқасқа емдеу кезінде дәрілік заттардың қолданыстағы бірдей түріне ауыстырылған. Дәрілік заттардың осылай ауыстырылуына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен қатерлі ісіктерді диагностикалау және емдеу хаттамалары шеңберінде жол берілген.
Ал, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Ғалымжан Абишев 2019 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша бірыңғай дистрибьютор жеткізу кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың қазан айында төменде көрсетілген дәрілік заттарды кешіктіргенін атап өтті. Олар:
1. Летрозол 2,5 мг-180уп;
2. Бикалутамид 50мг – 110 уп;
3. Алтындрис 4мг / 5мл-140 уп;
4. Капецитабин 500мг – 320 уп;
5. Аксастрол 1мг – 180 уп;
6. Герцептин 120мг/5мл – 80 уп;
7. Калоприемник №30 – 200 уп;
8. Темо-Эл 18мг – 6 уп;
9. Зарсио 30 млн – 216 уп,
10. Эпоэтин альфа 40000МЕ – 35 шпр.
Айта кету қажет, аталған препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қыркүйек айында қалалық онкологиялық орталық дәріханасында болған, алайда бөлінген дәрі науқастар қатарының артуына, яғни дәріге мұқтаждар саны көбеюінің салдарынан қыркүйек айының соңына дейін игеріліп қойған. Қазан айына арналған дәрілер 7-10 күнге кешігуде. Аталған дәрілік заттар жоқ кезінде көрсетілген препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға 11 онкопациенттер мұқтаж болған.
Сонымен қатар, 2019 жылға онкологиялық пациенттерді амбулаториялық деңгейде химиопрепараттармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін Қалалық онкологиялық орталық 30 дәрілік заттың атауы бойынша 1 067 567 041,96 теңгеге "СҚ-Фармация" ЖШС-не өтінім берген.
Қазіргі таңда 506 556 986,82 теңгеге 1 135 науқас химиопрепараттармен қамтамасыз етілген.