Асхан Байдувалиев: «Қызметтік қателік жасағандарға әкімшілік тараптан жаза қолданылады»

Screenshot_12.jpg

Шымкентте қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға дәрі-дәрмек жетпей қалуына онкологиялық орталыққа тіркелушілердің көбеюі әсер еткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Шымкент қаласының ақпараттық коммуникациялық орталығында қалалық онкологиялық орталыққа химиопрепараттарды жеткізу жұмыстары бойынша өткен баспасөз брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Асылбеков Нұрлыбек Әбиболлаұлы айтып берді. 

Оның айтуынша, аталған емханада орын алған қатерлі ісікке қарсы препараттардың жетпей қалуына орталыққа тіркелген адамдардың көбеюі себеп болған. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жетіспеген 10 препараттың 9-ы жеткізілген және біреуі сертификатталып жатыр.

«Біз бұл мәселені жіті талқыладық, расында 5-10 күн бойы препараттардың жетіспеушілігі байқалған және түсініспеушілік орын алған. Нақтырақ айтсақ, аталған орталықта он препараттың ішіндегі дәрілердің орнына қолданылатын препараттар болған. Оның үстіне, бәріміз білетіндей өткен жылы Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бөлінген кезде, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысына берілген жоспардағы медициналық препараттар да екіге бөлінген. Оған қоса, сол жағдайға байланысты қалалық онкологиялық орталыққа тіркелген адамдардың да саны 11 пайызға көбейіп кеткен. Алдағы уақытта осындай жағдай орын алмас үшін жаңа жоспарлар бойынша жұмыс істейміз», - деді Нұрлыбек Әбиболлаұлы. 

Сондай-ақ, брифинг барысында Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдувалиев Асхан Мархабайұлы дәрі жетіспеушілігі ауруды алдын ала анықтау шараларының нәтижесінде орталыққа тіркелушілер санының артуынан туындағанын және осы мәселеге байланысты кемшіліктерге жол берген қызметкерлерге жергілікті денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қандай шаралар қолданылатыны жайлы айтып берді.

«Қалалық денсаулық сақтау басқармасының тарапынан аталған мәселеге байланысты қызметтік сараптама жасалып, кемшіліктер нақты анықталды. Бұл жерде дәрігерлердің кінәсі жоқ, ұйымдастырушылар қызметтік қателік жасаған және оларға әкімшілік тараптан жаза қолданамыз», - деді Асхан Мархабайұлы. 

Еске сала кетейік, осының алдында қатерлі ісік ауруы бойынша Шымкент қаласындағы онкологиялық орталыққа тіркелген науқастардың көбеюінен онкологиялық препараттардың 5-10 күн бойы жетпей қалғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер