Жаһандық сауалнама жүргізу туралы

2018062815043336371_sarapshylar-kazakstanda-temeki.jpg

«Құрметті тұрғындар!

Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 11 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ересек тұрғындарға темекі өнімдерін қолдану туралы маңызды сауалнама жүргізілетінін хабарлаймыз.

АЕО қызметкері үй шаруашылығын (пәтер, үй, жатақхана) ғылыми іріктеу жолымен анықталған болады және электронды құрылғы (планшет) көмегімен үй шаруашылығының (отбасының) бір тұрғынынан темекі өнімдерінің әр түрлерін пайдалану (пассивті темекі шегу, экономикалық аспектілер, білім және темекіге қатысты) мәселелер бойынша сұрайтын болады. АЕО қызметкерінде өзімен бірге фотосуреті және аты-жөні (бейдж) бар интервьюер куәлігі, АЕО-ның темекіні пайдалану бойынша сұрау туралы ақпараттық хаттарының көшірмелері бар.

Бұл жобаның табысы үшін әрбір таңдалған респонденттің сауалнамаға қатысуы өте маңызды. Сауалнамаға қатысушы ұсынатын ақпарат толық құпиялылық жағдайында сақталады. Жеке ақпарат басқа біреуге, оның ішінде отбасының басқа мүшелеріне хабарланбайды.

Сауалнама нәтижелері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын сақтау мақсатында пайдаланылатын болады.

Қосымша ақпаратты 8 (7172)55-24-34телефон арқылы алуға болады.

Қысқа мәтін: 

11 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Жаһандық сауалнама аясында Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ересек тұрғындар арасында темекі өнімдерін қолдану туралы маңызды сауалнама жүргізіледі. Бұл жобаның табысы үшін әрбір таңдалған респонденттің сауалнамаға қатысуы өте маңызды. Сауалнамаға қатысушы ұсынатын ақпарат толық құпиялылық жағдайында сақталады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер