«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы биыл Шымкентте өтеді

Screenshot_4.jpg

«Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының негізінде қолға алынған «Тұлпар мініп, ту алған» байқауын Шымкент қаласында өткізу жоспарлануда. Аталмыш бағдарлама Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылуда.  

Өскелең ұрпақты халық поэзиясына, ұлттың рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеуді, қайсарлық қасиеттерге баулуды көздеген жоба қаладағы мектептердің 6-10 сынып оқушыларының арасында өтеді. Байқау аясында қатысушылар 132 беттен 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтуы тиіс. Жарыстың аудандық кезеңі қазан айының 28-31 күндеріне жоспарлануда. Ал жүзден жүйрік шыққандар 6 қарашада қалалық кезеңде бақ сынайды. 

– Қатысушылар жырды толық жаттап, көнерген сөздердің мағынасын түсіндіруі тиіс. Сондай-ақ әдебиет пәнінен қойылған сұрақтарға жауап береді. Қалалық кезеңде 4 ауданнан 3 оқушыдан іріктеліп, 12 қатысушы бақ сынайды, - дейді «Qazaq Epos» қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Кенжебай Нұрдәулет.

Республикалық көлемде ұйымдастырылып отырған жобаның сыйлығы да қомақты. Бас жүлдені иеленген байқау жеңімпазына 1 миллион теңге, 2 орын – 600 мың, 3 орын – 300 мың теңгенің иегері атанады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер