"Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесіне заңды тұлғалардан 422 өтініш келіп түскен

Screenshot_5.jpg

Шымкент қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында  білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау 25 білім беру мекемесінде жүргізілді. Профилактикалық бақылау нәтижесінде 166 заң бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қолданылды.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша білім саласындағы бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған баспасөз брифингінде айтылды. 

Сонымен қатар жиында департамент басшысы Жанат Тәжиеваның хабарлауынша, білім беру қызметін лицензиялау бойынша 2019 жылдың 9 айында "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесіне заңды тұлғалардан 422 өтініш келіп түскендігін жеткізді. Нақтылап айтсақ, олардың 284-і лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға (250-і колледжден, 34-і мектептен), 138-і (36-ы колледжден, 102-і мектептен) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу бойынша. Қаралған өтініштердің 135-і қанағаттандырылып, 287 өтініштен бас тартылған.

Және де Жанат Арысбекқызы ОЖСБ, ҰБТ-ға  оқушылардың қатысуы 4, 9, 11 сыныптар  бойынша жоспарланған 2684 оқушының, 2569 оқушысы ОЖСБ рәсімін тапсырды. ОЖСБ қорытындысы бойынша көрсеткіштері: Шымкент қаласы бойынша 4 сынып  -15,88 балл, Республика бойынша 4-сынып-19,78; 9 сынып - 33,15 балл, ҚР-40,08 балл; 11сынып -47,31 балл, ҚР-57,3 балл екендігін мәлімдеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 134 жалпы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес құрылып, 1308 мүше жұмыс атқарады. Оның ішінде білім беру ұйымдарындағы отбасында жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайрымдылық көмек беріп, белсенділік таныта білген мүшелер саны-370.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер