Шағын аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтылады

Screenshot_3.jpg

Елу күннен кейін сайрамдықтар сапалы ауыз сумен толық қамтылады , деп хабарлайды ERNUR.KZ. 

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қаласы Қаратау ауданының 2019 жылдың алғашқы 10 айындағы әлеуметтік-эканомикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Абзал Шымкентбайұлы айтты. 

«Қазіргі таңда Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағында тиісті жұмыстар қарқынды жүріп жатыр», - деді Абзал Әліқұлов өз сөзінде. Сонымен қатар, Абзал Шымкентбайұлы Сайрам тұрғын алабындағы құрылысы жүріп жатқан облыстық маңызы бар 4 көшені де ағымдағы жыл соңына дейін пайдалунға беру жоспарда екендігін атап өтті. Сондай-ақ, жиын барысында аудан әкімі Қаратау ауданындағы 392 көп пәтерлі тұрғын үйдің 315-і орталық жылу жүйесін, 77-сі автономды жылу жүйесін тұтынатынын және қысқы маусымға дайын екенін айтты. «Қысқы жылу маусымына көп қабатты үйлерді дайындау жұмыстарын «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС, «Алиаскар БАМ Групп» ЖШС, «Шымкент тұрғын үй қызмет» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС мекемелері тарапынан дайындық жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда көп қабатты тұрғын үйлер жылу маусымына толық дайын», - деп атап өтті аудан әкімі Абзал Әліқұлов.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Шағын аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтылады