Түркістанда «Халықтық заңгер» науқаны өтеді

Screenshot_2.jpg

22 қараша сағат 17: 00-де Қазақстанның барлық қалаларында «Халықтық заңгер» атты жалпы ұлттық науқан  басталатынын хабарлаймыз. 

Науқан төмендегі мекен-жай  бойынша өткізіледі: 

Түркістан қаласы, «Батыс-Европа- Батыс-Қытай» тас жолы, 88 квартал, «MEGA CITY» сауда орталығының 1-ші қабаты. 

Біздің мақсатымыз осы науқан арқылы - халықтың құқықтық сауатын арттыру. Кез келген азамат заңгерлік қоғамдастықтың үздік өкілдерінен қажетті кеңестер ала алады. Олардың қатарында танымал заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. қатысады.

Науқанды ұйымдастырушылар - zakon.kz интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Параграф ақпараттық жүйесі. Сонымен қатар бұл науқанды Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады.

Осы жылдар ішінде «Халықтық заңгер» науқаны қарапайым Қазақстандықтар үшін дәстүрлі және сүйікті жобаға айналды.

Бүгінгі таңда, ауқымы мен географиялық көлемі  жағынан «Халықтық заңгер» науқанының тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де теңдесі жоқ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазақы тазы» тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті
  • Cостоялись охотничьи испытания для национальной породы «Казахский тазы»
  • Президент Қазақстанның АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады
  • Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты
  • Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлес
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер