Головкиннің жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Әлемдік бокс шебері Геннадий Головкин жарақатына байланысты IBF титулы үшін Камил Шереметамен жоспарланған жекпе-жекті тағы да кейінгі қалдырды, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Rgmedia.kz 

68b12bfe408e6d0b95ca5115f98e8913.jpg

Жарақат анықталған соң, GGG командасы IBF-тен титулдық жекпе-жекті кейінге қалдыруды өтінді. Кездесу 2020 жылдың мамыр-маусым айларына ауыстырылуы мүмкін.

DAZN ағынды сервисінің өкілдері жекпе-жекті басқа уақытқа ауысатыны жайлы ақпаратты растады. Бірақ Том Леффлер түсінік беруден бас тартты. 

Еске салайық, Головкин мен Шеремета бастапқы жоспар бойынша ақпан айында шаршы алаңда былғары қолғап түйістіруі керек еді. Кейін ол наурыз айына ауысты. Белгісіз себептермен жекпе-жек наурыз айында емес, сәуірде өтеді деп жарияланды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер