Шымкент қаласында «Туристік клуб» пен 5 ақпараттық дүңгіршек ашылады

Үшінші мегаполисте «Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының ашылуына орай қонақтарға консультациялық көмек көрсету мақсатында "Туристік клуб" пен 5 туристік ақпараттық дүңгіршек орналастырылады.

89487200_636260023584800_102990751662604288_o.jpg

– Келушілерге ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін туристік нысандарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылуда. Тарқатып айтар болсақ, қазірге дейін 20 нысанға төлқұжат қойылып, тағы 10 нысанның төлқұжаты 20 наурызға дейін орналастырылады,- деді қалалық туризм басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Қалқабаев.

Айта кетейік, арнайы аудиогид жазылған QR-төлқұжаттар IZI travel халықаралық туристік платформасымен интеграцияланған.

Сонымен қатар, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылдың екінші жартысында «Туристік клуб» ашылады. Аталған клубқа белсенді қала жастары мен студенттер және еріктілерді жұмылдыру көзделіп отыр. Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте Туризм басқармасы басшысының м.а Азамат Мұратбекұлы Қалқабаев мәлімдеді.

– Ағымдағы жылдың ақпан айында қаланың гид-экскурсоводтары арнайы семинар-тренингке қатысты. Қазірде қонақ үй қызметкерлері мен менеджерлер және өзге де қызмет көрсету мамандарын оқытуды жалғастырып жатырмыз, - деді басқарма басшысының міндеті атқарушы.

Сондай-ақ, Мәдени астана жылында шаһарға келушілерге сапалы қызмет көрсетіп, туристік бағыттарды ұйымдастыру бойынша қалалық туризм басқармасының бастамасымен туристік индустрия өкілдеріне біліктілікті арттыру тренингі ұйымдастырылуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В ДЖИДДЕ ПРОШЕЛ ЧЕМПИОНАТ АЗИИ СРЕДИ ЮНИОРОВ!
  • Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
  • ШЫМКЕНТ: АКИМАТ И МЕДОРГАНИЗАЦИИ ЗАКЛЮЧИЛИ МЕМОРАНДУМЫ ПО СДЕРЖИВАНИЮ ЦЕН
  • Бейнеттің зейнеті. Мақтаарал ауданының экс-әкіміне «Құрмет» ордені тапсырылды
  • ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер