ІІМ Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді

Oinet.kz 11-12-2024 247

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жыл соңына қарай полицияның жасөспірім Шерзат Полатты өлтіру ісіне қатысты тергеуді аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Санжар Әділов қылмысқа қатысы барлардың жазаланатынын жеткізді.

"Жыл соңына дейін біз барлық сараптамаларды алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз. Осы қылмыстық істің 11 қатысушысы қамауда болады. Олардың барлығы жауапқа тартылады. Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады және қылмыстық іс материалдарын қылмыстық процеске қатысушыларға таныстыруға ұсынамыз", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді. Кейін жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Полаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. Ал күні кеше Талғардың шетінен Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Осы жайттан соң Шерзаттың ашынған әкесі журналисттердің келуін талап етіп, қолына пышақ ұстап өзіне тақап, полицейлерден жауап сұрады. Алайда кейін Қаржаубай Нұрымов “Бұзақылық” бабы бойынша сотталып, 15 тәулікке қамауға алынды. 

Преимущества профессиональной аренды элитных домов в Испании
Қызылордада 16 жастағы қызды сексуалдық құлдықта ұстаған тағы бір күдіктіге сот үкімі шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу