Мұрат Әйтенов қала тұрғындарын мерекемен құттықтады

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Сіздерді 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз елдің тұмары - татулық пен тұтастық. Егемен елдің ен байлығы - бірлігі. Қазақстан халқы бір тудың астында бір мақсатпен бірігіп берекесін бекемдеп, ынтымақпен ырысын арттырып отыр. Әсіресе қазіргідей әлемді әбігерге салған қауіпті дертпен күресте түсіністікпен тұтастығымызды айғақтап отыр. Осындай қастерлі құндылықты ұғына білген әрбір азаматқа алғыс айтамын. Бірлігі күшті ел азбайды. Ырыстың қазығы ынтымақты сақтап қаланың көркеюіне, еліміздің өркендеуіне жұмыла атсалысарымыз анық. 

f6fd54b4-7c5a-4fc3-b633-2ff0b089b3c8.jpg

Қымбатты Шымкент қаласының тұрғындары! 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні сіздерге зор денсаулық, амандық, құт-береке тілеймін! Достық пен бауырмалдық, бірлік пен тұтастық елім деп соққан жүректердің ұраны! Бір мақсат, бір болашақ жолында бірлігіміз беки берсін! 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Бір оқушының тамақтануының орташа құны қанша
  • Рамазан Бектұрғанов —Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасының басшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер