Шымкент қаласының волонтерлеріне елбасының алғыс хаты тапсырылды

Бүгін қала күніне орай Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасы Мұрат Әйтенов конференц-байланыс арқылы волонтерларды құттықтап,  «Birgemiz» республикалық акциясына белсенді қатысқандарды еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасының Алғыс хатымен марапаттады  

76c070ea-3016-4f1f-b051-5c88e3700401.jpg

Волонтерлардың көмегімен «Birgemiz» акциясы шеңберінде қаламызда бүгінгі күнге дейін 107 миллион теңге көлемінде 8500-ге жуық мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестіріліп,  жалғызбасты қарияларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға 1 млн.дана маска тегін таратылды.  

Бұдан бөлек, волонтерлар зардап шеккен Мақтаарал ауданына 81 миллионнан астам қаржыға  азық-түлік, гигиеналық заттар мен киім-кешектер және техника жөнелтуге қол ұшын созған.  

  - Волонтер болу – жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі. Сіздер қолға алған жұмыстардың барлығы дәл осындай мейірімділіктің жарқын үлгісі екеніне күмәніміз жоқ. Сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді  партия филиалының жетекшісі.  

- Бүгін менің арманым орындалды! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталдым! Бұл менің індет кезіндегі, аппаттар кезіндегі және жастар саясатындағы 6 жыл бойы еңбегімнің жемісі! – деп ерікті Жасмин Ашимова жастарды белсенділікке шақырды. 

Кездесу соңында партиялықтар жастар алдағы уақытта да ел игілігі мен еліміздің өсіп өркендеуі жолында аянбай еңбек ететіндігіне сенім білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер