Шымкенттегі полиция қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментің қалалық полиция департаментінің ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау мәселелерін талқылады. 

ef76870d-f91f-472f-9c71-d6a6e4d93747.jpg

Аталған жиынға Департамент басшысы А.Жұмағали, оның орынбасарлары Т.Серікбаев пен Б.Ұзынжас, полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы С.Ергешов және аталған органның жеке құрамы қатысты. 

 Онлайн режимде өткен шарада сөз алған Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы А.Жұмағали Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша нақты міндеттер қойғандығын, осы тұрғыда бірлескен, кешенді шаралар қабылдау қажеттігін жеткізді.

Асхат Жұмағалидің айтуынша, мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, полиция органдары жемқорлық деңгейі жоғары салалардың бірі болып табылады. 

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселе бойынша Департамент басшысының орынбасары Б.Ұзынжас полиция органдарында орын алған сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарға, соның ішінде ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде 14 қылмыстық іс бойынша ұсыну жолданғанын атап, онда жазылған мәліметтерге кеңінен тоқталды. Аталған ұсынуларда пара талап ету фактілерімен қатар, азаматтардың арыз-шағымдарының қаралу барысы да баяндалды. 

Іс- шара барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев бағынышты қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігіне және парасаттылық құндылықтарын енгізуге баса назар аударып, ұйымдастырылған шарадан қорытынды шығарып,  елге адал қызмет етуге шақырды.

Отырыс қорытындысымен полиция қызметінде сыбайлас жемқорлықты жою бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу ұсынылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер