Руслан Дәленов: «Карантиннен кейінгі кезеңде бизнестің жұмысын қолдау керек»

Screenshot_3.jpg

Еліміздің экономикалық ахуалын жақсартып, карантин уақытындағы құлдырауды ретке келтіру мақсатында бірқатар ұсыныстар түсті. Оны ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

«Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай аспектілерге назар аударуы қажет. Біріншіден, карантиннен кейінгі кезеңде бизнестің жұмысын жан-жақты қолдау керек. Екінші – мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлерді қолдау құралдарын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету», - деді министр Үкімет отырысында. 

Үшінші – қазақстандық өнімнің үлесін ұлғайтуды, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін қаражатты толық және тиімді игеру қажет. Төртінші – инвестицияларды белсенді тарту және инвесторлармен нақты жұмыс жасау керек. 

«Бесінші – өңделген тауарларды өндіру және экспорттау үшін жағдай жасау қажет. Алтыншы – баға мониторингін күшейту және Тұрақтандыру қорларының тетіктерін пайдалану арқылы маусымдық ауытқуларға жол бермеу керек және жетінші – өңірлік еңбек нарықтарындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу және жұмыспен барынша қамту керек», - деді Р. Дәленов.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер