Тоқтар неге жылады?

8bf2d620072d7ce6f99293c4c1799bcb-1900x1266_c.jpeg

Елі мен жері үшін қам жеп, бүгінгі ахуалға алаңдап еріксіз көз жасын көрсеткен Тоқтар Серіковті халық басқаша түсініпті. Тыңдармандарының бірі оның аста-төк бай екенін сөз етіп, әншінің жылауы орынсыз екендігін алға тартқан. Ол WhatsApp желісінде тараған өзіне қатысты жазбаға жауап берді.

 – Біреу көсіліп әңгіме айтыпты. «Не анау, Тоқтар Серіков жылап отыр?» деп. Мен өткенде Жылқышыбай деген жігітке сұхбат бергенде шынымен де көзімнен еріксіз жас шығып кетті. Елді ойласам көзімнен жас шығады. Ел туралы айтқанмын, елдің қазір жағдайы жетісіп тұрған жоқтығын айтқанмын. Мен өзімді кедеймін деп айтып, жылаған жоқпын, - деп есіне алды әнші.  

Осылайша Тоқтар Серіков желі қолданушыларының кейбіріне жақпай қалған сияқты. Себебі, олар әншінің 5000 асыл жылқысы мен 500-дей жүк көлігі бар екенін айтып, жылауға негіз жоқ екенін алға тартып, әңгіме таратқан.

WhatsApp-қа тараған адамның сөзіне таң қалдым. «Ой бұлар бай, семірген. Жегені алдында, жемегені артында. Бір айғырының өзі 7-8 млн теңгеден тұрады оның" дейді. Құдайға тәубә, сіздің айтқаныңыз келсін, деп риза болдым, - дейді Тоқтар Серіков.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер