ҚР Президенті жанынан Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды

Президент жанындағы реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды, деп хабарлайды Ақорда. ҚазАқпарат Мемлекет басшысы Жарлығының мәтінін жариялайды.

200914201427243e.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес туралы Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылсын. 

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақтан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 14 қыркүйек 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің ҚҰРАМЫ

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - Қазақстан Республикасының Президенті, төраға 

Сэр Сума Чакрабарти - төрағаның орынбасары 

Жоғары кеңестің мүшелері: 

Мамин Асқар Ұзақбайұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 

Қошанов Ерлан Жақанұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы 

Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 

Келімбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы 

Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы 

Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы 

Сүлейменов Тимур Мұратұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары 

Құлыбаев Тимур Асқарұлы - «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер