Суару жүйелері жаңғыртылуда

Бүгінгі таңда облыс бойынша 574 мың гектар суармалы алқап бар. Ал, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық бөлімшесі оның 313 мың гектарын суармалы сумен қамтып отыр. 

image.png

«Биылғы вегитациялық кезең су тапшылығына байланысты күрделі болды. Бізге жылда келетін су мөлшері биыл шамамен 30% аз болды. Осыған орай экология министрі Мағзұм Мырзағалиев, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірнеше мәрте көршілес Өзбекстан еліне барып, келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде трансшекаралық «Достық», «Ханым», «Ачинау» каналдарында суды әділетті бөлу туралы келісім жасалды. Айта кету керек, Өзбекстан қиын кезеңге қарамастан өз уәдесінде тұрып, суды келісім бойынша жіберіп отырды. Ал, облыстық бөлімше тәулік бойы жұмыс істеп, шаруаларды барынша сумен қамтыды», - деді «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Денис Коновалов журналистер үшін ұйымдастырылға баспасөз турында. Өңір шаруалары негізінен тік дренажды ұңғымаларды қазу, сорғы бекеттерін орнату және су бөгеттерін салу арқылы сумен қамтылған. 

Биыл өңірде күріш дақылының көп егілуіне байланысты өзге дәнді дақылдарға су жетіспеушілігі байқалған. Тығырықтан шығу үшін бөлімше мамандары автоматты су бөгеттерін салып, аймақтағы барлық егін алқаптарын құрғақшылықтан аман алып қалған. Нәтижесінде мақта, күріш, көкөністер мен жемістер бітік шыққан.  Филиал директорының айтуынша, бүгінгі таңда өңірдегі суару науқаны 95% аяқталған. Қазір Сырдария өзенінің сағасы бойынша ағатын су мөлшері секундына 42 текше метрді құрайды. Ол Шардара су қоймасына жинақталуда екен. Демек, су жеткілікті деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ Д.Коновалов бөлімше суару жүйелерін қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын айтып өтті. Мәселен мұндай шаралардың бірі Түлкібас ауданында жүзеге асырылуда. Қазір өңірдегі суару жүйелері шамамен 63% жұмыс істеп тұр. Сондықтан бөлімше бірнеше бағдарлама бойынша жұмыс жүргізбек. Барлық каналдар жерді қазу арқылы тартылған. Ол біріншіден судың сіңіп кетуіне себеп болса, екіншіден құм құрамы да үгілгіш болып келеді. Сондықтан арналар жылына 1-2 мәрте тазартылады. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен арналарды бетондалатын болады. Ал «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық бөлімшесі директорының орынбасары Серік Пірімқұловтың сөзінше, өңірде 6 нысан қайта жаңғыртылуда. Түлкібас ауданында – 2 нысан жаңартылып жатыр. Оның шеңберінде аудандағы ауылдардың біріне баратын 5 бөгет және 13 магистральды канал қайта іске қосылмақ. Бұл жұмыстарға 300 техника жұмылдырылған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еліміздің 7 облысынан құс тұмауы расталды
  • Тоқаев: «Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бірінші отырысы 21 қазанда өтеді»
  • Ақ бесікте тербеткен
  • Баку мен Ереван атысты уақытша тоқтату жөнінде келісімге келді
  • Қарағандылықтар коронавируспен ауырмас үшін ит етін жей бастады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер