Шыны ыдыс шығаратын зауыт – елдегі үздік индустриалдық жоба

«ЕвроКристалл» ЖШС – көлемі 150 мл-ден 2 литрге дейін тамақ өнеркәсібі мен фармацевтикалық өндірістерге арналған кең сұрыптамалы және әртүрлі формадағы жоғары сапалы шыны ыдыс шығаратын зауыт. Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағының аумағында орналасқан үздік индустриалдық жоба еліміздегі ең ірі зауыттардың бірі. «ЕвроКристалл» ЖШС 2011 жылдың мамыр айында құрылған. 

4a41b0bc-b05c-4923-95fa-4dc377647497.jpg

Кәсіпорында сыра, газдалған сусындарға арналған бөтелкелер, шырын бөтелкелері, консервілеуге арналған банкалар өндірілуде. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 200 млн. шартты бөтелке, банка шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт өнімі экологиялық жағынан таза және химиялық төзімділікпен, беріктікпен, эталонды колермен және мінсіз геометриямен сипатталады. «ЕвроКристалл» зауыты бірегей заманауи автоматтандырылған жабдықпен жабдықталған. 

Компанияның өнімдері еліміздің қалалары – Алматы, Қарағанды, Петропавлға жеткізіледі. Сондай-ақ, Қырғызстан Республикасы мен Ресей Федерациясына экспортталады. 

«ЕвроКристалл» ЖШС жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдауымен іске асырылды.

Бүгінгі таңда кәсіпорында 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Компания басшылығы өңірде өнеркәсіп дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген алғыс хаттар және грамоталармен марапатталған. Компания жыл сайын «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық конкурсына қатысады. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұмабек Тәшеневтің елге жасаған еңбегі дәріптелді
  • Фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеру басталды
  • Енді жаңа SIM-карта сатып алу үшін екі рет тіркеуден өтесіз
  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер