Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын орындау мақсатында Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде және департаментке қарасты аудандық басқармаларда қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.

photo5219863008723971932.jpg

Сондай-ақ, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сай атқарылып жатқан жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет желілерде (фейсбук, инстаграм) мақалалар ұдайы жарияланып тұрады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн белгіленген мерзімде және олардың сапалы қаралуы бақылауға алынған. Департаменттің және оның аудандық басқармаларымен 14 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мүдделер қақтығысын болдырмау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (сан-эпид. қорытынды, есептік нөмір беру, сертификат, т.б.) «e-gov» порталы және «elicense» электрондық жүйесі арқылы қызмет көрсетуге толығымен көшірілді. 

Департаменттің және оның аудандық басқармаларының қызметкерлерінің іс әрекеттеріне шағым жасау, ұсыныстармен пікірлерді айту үшін арнайы жәшік арналған және "Сенім" телефоны (87252-300304) орнатылған. Департамент басшылығы азаматтарды белгіленген кестеге сай жеке қабылдайды. Департамент басшысының қабылдау күні әр сәрсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында,  санитариялық - эпидемиологиялық қадағалау саласы бойынша әр сейсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласы бойынша әр бейсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласы бойынша әр дүйсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдайды. 

Департаменттің және оның аудандық басқармаларымен жүргізілетін тексерулер міндетті түрде ҚР Бас прокуратурасынының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасында тіркеліп жүргізіледі. Тіркелген тексерулерді https://qamqor.gov.kz сайтында тексеруге болады. 

Сыбайлас жемқорлықты алдын жұмыстары бұдан әрі жалғасады.

Әкімшілік- құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету 

сапасын бақылау бөлімінің басшысы Б.Нурманов

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер