Шымкент: Екі мыңға жуық адам кәсіптік оқуды аяқтады

Шымкент қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» екінші бағыты аясында, яғни еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдау бойынша тындырымды тірліктер атқарылды.

Осы жылы қалалық білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларымен және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп қала аумағындағы кәсіпорындардан өтінімдер жинақталған болатын. 

Нәтижесінде, еңбек нарығында сұранысқа ие   21 мамандықтың (автокөлік жөндеу слеарі, ағаш және жиһаз өндірісінің шебері, арнайы тігінші, аспаз, дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, пішуші, кондитер, дизайнер, электр газымен дәнекерлеуші және т.б.) және кәсіптік білім беретін 32 білім беру мекемесінің  тізімі жасалынды. 

Қазіргі таңда оларда жоспардағы 2000 адамның 1990-ы оқуын тәмамдап, тиісті куәліктерін алды. Ал, 10 адам түрлі себептермен оқуды жалғастыра алмаған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер