Карантинде той өткізгендер

121027848_1000251887117166_4946991774372633458_n.jpg

Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде отбасылық той-жиын өткізудің 200-ден астам жайтын анықтады, деп хабарлайды Түркістан облыстық Полиция департаменті. 

 Өздеріңізге белгілі елімізде енгізілген карантин режиміне байланысты Түркістан облысында да мобильдік топтар жұмыс атқаруда. Мобильдік топ құрамына қала және аудан полицейлері, әкімдік қызметкерлері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен кәсіпкерлік палата қызметкерлері жұмылдырылған. Жалпы облыстың қала, аудандарында құрылған мобильдік топтардың саны-53.

 Ал, полицейлердің айтуынша облыста шектеу шараларына қарамастан ережені елемейтіндер қатары көп. Мәселен, Келес АПБ-нің тәртіп сақшылары кафелердің бірінде қыз ұзату тойы өтіп жатқандығын анықтады. Оқиға орнына мобильдік топпен полицейлер тез арада жетті. Тексеру кезінде тойға 60-қа жуық адам жиналғаны белгілі болды. Осылайша кәсіпкер мен той иесі заңды белшесінен баса отырып, жалпыға ортақ ережені бұзғаны айқындалды. Нәтижесінде той тоқтатылып, құқық  бұзушыларға  ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша хаттама толтырылған.  

 Осыған ұқсас тағы бір жайт Отырар ауданында анықталды. Онда жергілікті тұрғын карантин режиміне қарамастан кафеде 60-қа жуық адам жинап, келін түсіріп, «Беташар» тойын өткізген. Той иесіне қатысты заңға сәйкес әкімшілік шара көрілді.  

 Жалпы бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы полицейлері  ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен «Халықтық санитариялық-эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарын бұзу» 2889 жайтты тіркеді. Оның ішінде 217 адам отбасылық той-жиын өткізіп, ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында 64-і «Беташар» болса, 36-ы  «Қыз ұзату» тойлары.

 Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын сақтап, бетперде тағып, арақашықты сақтап, үнемі антисептик қолданып, адамдар көп болатын орындарға бармауға кеңес береді. Оған қоса, той өткізуге тыйым салынғанын естен шығармағайсыздар! Сондай-ақ аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпаңыздар дей келе, түсіндіру жұмыстарына құлақ асуға шақырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер