Еуропадағы індет статистикасына сүйенсек, коронавирус індетінің екінші толқыны алғашқысынан ауқымды болуы мүмкін. Себебі әлемде бұл індетті жұқтырғандар саны артуда деп хабарлайды Rg media сайты.
Францияда кеше бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 16 мыңға жетті. Бұл одан бір күнгі бұрынғы көрсеткіштен 6 мыңға көп ( екі күндегі 27 мың жұқтыру көрсеткіші Франция үшін жаңа рекорд).
Елде жалпы 730 мың коронавирус жұққан адам тіркелген. Осы аптада қатерлі деңгейде деп белгіленген қалалар қатарына Лион, Лилль, Гренобль, Сент-Этьен кірді. Одан бұрын қауіпті аймақтар қатарына Париж, Экс-Марсель мен Гваделупа аралы жатқызылған еді.
Италияда да індетті жұқтырғандар қатары артты. Онда соңғы уақытқа шейін жағдай біршама тыныш болатын. Кеше елді 5,5 мың жаңа жұқтыру дерегі тіркелді. Індет кезінде Италияда 350 мың адам коронавирус жұқтырған. Ұлыбританияда жексенбі күні 13 мыңға жуық жағдай анықталды. Коронавирус жұқтырғандар қатары 600 мыңнан асып кетті. Дүйсенбіде елдің Борис Джонсон жаңа карантин шектеулерін жария етуі мүмкін. Оның ішінде Англия қалаларындағы паб, мейрамханаларды уақытша жабу да бар.