Төтенше жағдай енгізілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде эпидемиялогиялық жағдай күрт нашарласа, төтенше жағдай енгізілу де мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайдыRgmedia.kz ақпарат агенттігі. 

Егер коронавирус ахуалы қайта өршіп кетсе, еліміз бойынша 51 мың төсек-орын дайын тұр. Бұған қоса, карантиндік станционарларда инфекция жұқтырғандарға 70 мың әзірлеуге мүмкіндігіміз бар. Қазіргі таңда екі мыңға жуық науқас коронавирустан емделуде. Осы тұрғыда жағдай біздің бақылауда деп сенімді түрде айта аламыз, - деді Цой. 

Министр Қазақстанда төтенше жағдай режимін енгізу туралы да сөз етті. 

 – Бұның барлығы да эпидемиялогиялық ахуалға тікелей байланысты. Егер елдің жағдайы соны қажет етсе, міндетті түрде енгіземіз. Десек те біз жағымды болжам жасап,  бұған жете қоймаймыз деп сеніп отырмыз. Барлығы да тұрғындардың жауапкершілігіне байланысты: егер олар біз айтқан ережелерді сақтаса, коронавирустың бұл толқынын оңай өткереміз, - деді министр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шарм-эш-Шейх әуежайындағы трагедияға қатысты соңғы деректер мәлім болды
  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер