Тоғызқұмалақ ойыны бойынша спартакиада өтті

2020 жылдың 3 – 6 қараша аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында тоғызқұмалақтан ІІІ желілік спартакиада өткізілді. Биыл барлық Зияткерлік мектептерден спартакиадада 88 оқушы бақ сынады.

image.png

Ежелгі ойынның жанкүйерлері алғаш рет өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасы арқылы кездесті. Бұл жылғы спартакиаданың ерекшелігі де осы. 

Тоғызқұмалақ ойыны бойынша спартакиада Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жиі өткізіліп тұрады. Тоғызқұмалақ – шахмат,  дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, салқын қандылықты,  терең және логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорты. Сондықтан да бұл жоба NIS әлеуметтік жобалары қатарында сұранысқа ие.

Спартакиада арқылы жас жеткеншектердің тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтары жыл сайын артып, ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуға септігін тигізуде.

Бұл жылғы ойында біздің жерлестеріміз Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді. Үш жастық топта 7-9 сыныптар арасында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы Рысбай Әсел ІІ орынды иеленсе, құрама командалар арасында мектеп ІІІ орын қатарынан көрінді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа заң: ҚМДБ бетті толық жабуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер