Дәрі-дәрмек өндірумен 5 компания айналысады

Тараз қаласында  «Әмір және Д» ЖШС қоймалары бар фармацевтикалық өндіріс кешенінің құрылысын жүргізуде. Мұнда экспресс тест пен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығарылады. Жобалық қуаты – жылына 15 миллион экспресс тест, 1,5 миллион бақылау ерітіндісі және зарарсыздандыруға арналған 50 мыңға жуық орама. 

Серіктестік басшылығының айтуынша, жаңа өндіріс кешенінде 150-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделуде. Құрылыс барысымен танысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев фармацевтика өнеркәсібі стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі болып қала беретіндігін атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында фармацевтика саласын аяққа тұрғызатын уақыт жеткенін баса айтқан болатын. Бүгінде өңірдегі бес жергілікті компания дәрі-дәрмек өндірумен айналысады. Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, фармацевтика нарығындағы жамбылдық препараттар үлесін арттыруға жағдай жасау қажеттігіне айрықша көңіл бөлінуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
  • Послы перемен: молодёжь Шымкента выступила за Закон и Порядок
  • В Шымкенте прошли учения по гражданской защите «Қыс-2025»
  • Шымкентте «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті
  • Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер