Қазақстан әлемде туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуде ең тиімділігі жоғары мемлекет саналады. Бұл жағдай Түркістан облысында анық байқалады. Жалпы соңғы он жылда облыста туберкулез аурушаңдығы 2-3 есеге, өлім-жітім 6 есеге азайды. Туберкулез ауруының төмендеуінің бірнеше себебі бар. Біріншіден, елдің әл-ауқаты жақсаруда, экономикалық жағдай тұрақты. Екіншіден, жаңашыл емдеу әдістерінің енгізілуі, заманауи медициналық аппараттарының көбеюі. Әсіресе орталықтағы бактериологиялық зертхана бүгінде жаңа деңгейге көтеріліп келеді.
Айталық аталмыш зертханада микробиологиялық іс-шаралар жұмысын алға жылжыту мақсатында жаңа молекулярлық-генетикалық тәсілдер жүзеге асып келеді. Молекулярлық–генетикалық тәсіл үлкен сезімталдығымен дәлелденген аумақты дәріге тұрақтылықты, көптеген дәріге тұрақтылық қортындысының уақтысын қысқартудың, науқастың дер кезінде ем қабылдауының, инфекциялық бақылаудың алдын алудың негізгі құралы. Қазіргі уақытта дамыған молекулярлы –генентикалық экспресс тәсілінің негізі туберкулезге қарсы препараттарының тұрақтылықтарын анықтауға бақытталған.
Орталықтың бактериологиялық зертханасында микробиологиялық ізденіс жұмыстарын алға жылжыту мақсатында 2013 жылдың мамыр айынан бастап Gene/XpertMTB/RIF қондырғысы іске қосылған болатын. Бұл аппарат көптеген дәріге тұрақтылық жұмысын жылдамдатады. Небәрі 2 сағатта түберкулез қоздырғышын және оның рифампицинге тұрақтылығын анықтап береді.
Осы орайда аталмыш қондырғының көмегімен жаңадан есепке алынған науқастардың ішінде көптеген дәріге тұрақтылық жылдам анықталып, екінші қатардағы дәрімен емдеу уақтысы қысқартылуда. Сондай-ақ науқастарды уақытылы оқшаулау жұмысы барсында эпидемиолгтарға үлкен көмек көрсетіп отыр.
2018 жылы өңірде туберкулезге күдікті науқастарды диагностикалық мақсатта молекулярлы-генетикалық тәсілмен тексеру қарқыны 73 пайызды құраса бұл көрсеткіш өткен жылы 86 пайызға өсіп отыр.
Accupower ПЦР қондырғысы облыстық фтизипульмонологиялық орталығына 2018 жылы қазан айында іске қосылды. Accupower ПЦР қондырғысы туберкулез қоздырғышының көптеген дәріге тұрақтылығын анықтауға және екінші қатар дәрілерінің тұрақтылығын анықтап, емдеу жұмысын жылдамдатады. Бұл аппарат фтизиатр дәрігерлердің емдеу ісінің нәтижесіне, эпидемиологтарға туберкулез қоздырғыштарының бірінші қатар және екінші қатар дәрілеріне тұрақтылықтарын анықтап, науқастарды оқшаулауға көмектеседі.
Сондай-ақ облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың бактериологиялық зертханасына ағымдағы жылдың басында орнатылған Хайн-тес қондырғысы да зертхана жұмысын жаңа белестерге көтерді. Хайн-тес аппараты полимерлі тізбектелген әдіспен жүргізіледі. Ол клиникалық үлгілерден бактериоскопия тәсілінен оң шыққан туберкулез қодырғыштарын анықтап, 1-2 ші қатардағы туберкулезге қарсы дәрілік препараттардың сезімталдығын 2 күнде анықтап береді. Осының нәтижесінде дәрігерлер науқасқа жылдам диагноз қойып, туберкулез қоздырғыштарының бірінші және екінші қатар дәрілеріне тұрақтылықтарын анықтап, науқастар дер кезінде оқшаулануда.
Н.УТЕГЕНОВА, «Түркістан облыстық фтизиопульмонология
орталығы» бактериологиялық
зертхана бөлімінің меңгерушісі