«Зиянды өндірістік факторларымен жұмыс атқаратын жұмысшылардың міндетті медициналық тексеруден өткіз

Денсаулық адам өміріндегі ең маңызды және жаһандық  факторы  болып есептеледі..

ККҚ: ҚР-дағы дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың құрылымы,  функциялары және міндеттері

Кез-келген қызмет саласында жұмыс істейтін адамдар үшін олардың денсаулық деңгейін білу маңызды. Кәсіпорындардың әкімшілігі меншік түріне қарамастан, өз кәсіпорнындағы жұмысшылардың арасындағы аурудың деңгейін білуі керек.

Әрбір жұмысшы медициналық тексеруден өтуін білуі қажет, оның нәтижелері бекітілген медициналық үлгіде тіркелуі тиіс. 

Медициналық тексерудің 3 түрі бар:

- алдын ала медициналық тексеру (жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде);

- мерзімді медициналық тексеру (халықтың декреттелген топтары үшін);

- мерзімді медициналық тексеру (зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін);

2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 "Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу қағидалары мен кезеңділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсеткіштерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік тізбелерді бекіту туралы" бұйрығы күшіне енді.

Осы бұйрықта алдын ала медициналық қарап-тексеру (жұмысқа немесе оқуға түсу кезінде) және мерзімдік медициналық қарап-тексеруге қойылатын талаптар көрсетілген.  Міндетті медициналық тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемі және жұмыстың зиянды факторларын ескере отырып, олардың кезеңділігі көрсетілген.

Шымкент қаласында  зиянды өндірістік кәсіпорындар бар, онда 19305 адам жұмыс істейді. Кәсіптік ауруларды болдырмау мақсатында кәсіпорындарда мерзімдік және профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі.

Әрбір адам өз денсаулығына жауапты болуы керек және ауруды ерте кезеңде анықтап, уақтылы емдеуді бастау үшін уақтылы медициналық тексеруден өтуі керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер