Cәуле Әбілдаханқызын Сарыағашта мешітке кіргізбей қойды (фото)

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы Сарыағашта өзін мешітке кіргізбей қойғанын айтты. Ол бұны надандыққа теңеп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сауал жолдады.

Screenshot_1.jpg

Сәулет Әбілдаханқызы Facebook парақшасында мешіт қызметкерлерінің іс-әрекеті қаншалықты заңды екенін сұрады. 

"Мешітке кіруге менің киімім... және бұрымым жарамайды екен. Елімізде азаматтың құқығын таптаудың тағы бір көрінісі. Надандықтың шыңы деген де осы...

Бұл мешіттің қызметкерлері (охранасы, тағы біреуі, ұстазы) неғып сонша маған агрессивті түрде жиырылды десем... Смановтардың мешіті екен ғой...

Мен - бұлар үшін "жын" шығармын. Бұлар мен үшін "жын" шығар. Әйтеуір ә дегеннен екіжақты "тебіліс" реакциясы жүрді...

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Бас имам мырза, бұл мешіттегілер менің киімімді жарамайды деп, әркім киген халатты кимесең кірмейсің деп кіргізбей қойғаны қаншалықты заңды???

Сіздер Құдайды мешіттен іздейсіздер. Мен де іздеп көрдім, таппадым. Өз Құдайым өзімде. Бизнес-мешітте емес. Менен ашық-шашық киім немесе мини-юбка немесе тырысқан киім көріп тұрсыздар ма? Әлде жалаңбаспын ба? - деп жазды журналист.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұмабек Тәшеневтің елге жасаған еңбегі дәріптелді
  • Фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеру басталды
  • Енді жаңа SIM-карта сатып алу үшін екі рет тіркеуден өтесіз
  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер