Түлкібас 84 оқушы «Алтын белгіге» үміткер

Screenshot_2.jpg

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "мемлекет болашағы - білімді жастардың қолында" деп айтқан болатын. Ел ішінде заманауи сауатты жастар көбейсе мемлекет өзгелермен бәсекелесе алады. Қазіргі таңда ең басты капитал - білім болып тұр. Осыған орай, білімге инвестиция жасау басты назарда.

Бүгін балаларға, жас өскіндерге білім нәрін сеуіп келе жатқан Абай атындағы мектеп гимназиясына жылдағы дәстүрге сай аудан әкімі Н.Тұрашбеков арнайй барып, барша ұстаздар мен оқушыларды және олардың ата-аналарын биылғы оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Ал, бітіруші түлектерге мектепте алған жақсы білімнің арқасында өздерінің қалаған жоғары оқу орнына түсіп, елімізге қажетті маман иесі болып, мемлекеттіміздің  әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосатын, дархан жазиралы Ұлы Дала елінің мерейін асыратын азаматтар болуларын тіледі.

Бүгінде елімізде білім саласына ерекше көңіл бөлініп, оқушыларымыздың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып келеді. Тәуелсіздік жылдары Түлкібаста 25 мектеп, 30-дан астам балабақшалар салынып ел игілігіне берілді. Оқушыларға заман талабына сай электронды оқулықтар, түрлі оқу құралдармен қамтамасыз етілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданның білім көрсеткіші жыл сайын жоғарылап, жақсы жетістіктерге қол жеткізуде. 

Биылғы жылы Түлкібас ауданында 1125 оқушы мектеп бітіргелі отыр. Оның 912 алдағы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш беруде. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 81%-ын  құрады.  Мектеп бітірушілердің 84-і «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер