Түлкібас көшелері гүлмен көмкерілді

7G4A1172.jpg

Түркістан облысында тау етегінде жатқан Түлкібас ауданы табиғатымен ерекшеленеді. Топырағына тал қадаса жайқалып шыға келеді. Осы ерекшелікті игі мақсатта пайдалана білген абзал. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан, қала көркін ашу үшін көктем мезгілінен бастап көше бойларына гүл егу керектігін айтқан болатын. Әкім тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласына гүлге көмкерілді. Ең бірінші кезекте бұл қала көркін ашып, тұрғындардың көңіл-күйін көтерді. Көрікті қала, тап-таза төңірек адамды мейірімге жетелейді. Жақында осы игі бастаманы Түлкібас ауданы да жүзеге асырды. Мұнда аудандағы барлық елді-мекендерінде жаздық гүлдерді отырғызу жұмыстары қарқынды іске асты. 

Көшедегі шаңды басып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бір жылдық және көпжылдық гүлдердің дені раушан, түймедақ, лалагүл, райхан, Питуния, Сәндігүл. Бүгінгі таңда аудан көлемінде әлеуметтік нысандарға, көше бойларына жалпы алғанда 80 000 түп гүл егіліп, күн шуағына әр түрлі түсті кілем секілді жайқалып тұр.

60726662_1006709803052645_1936496691003785216_n-696x522.jpg

Сонымен қатар, Түлкібаста дәстүрлі түрде көктем айларында ауылдық округ, кент әкімдіктері тарапынан елді мекендер аумағын көгалдандыру мақсатында 46 га жерге 19 500 түп талшын, иінкі, арша, боз арша, шаған және қара ағаш көшеттері отырғызылды. 

Сондай-ақ, қосымша 14 га жерге 4500 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Бұл жұмыстар күз мезгілінде іске аспақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер