Ауылдық клуб күзде тұрғындарға қызмет көрсете бастайды

Screenshot_3.jpg

Қазақ даналығында басшы туралы «әкім бол, халқыңа жақын бол» дейді. Басшылық халықпен бірлесе жұмыс істесе, алынбайтын қамал жоқ. Ол үшін басшы әрқашан елдің мұң-мұқтажын, талап-тілек, арыз-шағымын тыңдап, одан қорытынды шығара білу керек. Ең бастысы, халықтың ұсынысын елеусіз қалдырмаған абзал. 

Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбековтың 2018 жылдың қорытындысымен халыққа есеп беру барысында ауыл тұрығындарынан біршама ұсыныстар түскен болатын. Соның бірі Жаскешу ауылдық округіне қарасты Жанұзақ елді мекеніндегі ауылдық клубқа жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген тұрғындардың өтініштері болатын. Ауылдық клуб – ауыл тұрғындары үшін өте маңызды нысан. Мұнда көптеген іс-шаралар, концерттер өтіп, тұрғындарға мерекелік-көңіл күй сыйлайды. Сондықтан да, мұндай нысан жарамсыз күйде тұрмай, ел игілігіне, кәдеге асқаны абзал.

Бүгінде көпшіліктің ұсынысы аяқсыз қалмай, ауылдық клубқа күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. 100-ден аса адамға есептелген мәдени нысанның жөндеу жұмыстары мен қатар, аумағы толығымен қоршалып, абаттандырылмақ. 

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыры» бағдарламалық мақаласы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бұл нысан, аудан орталығынан шалғай жатқан 45 қана үйі бар Жанұзақ ауылының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Өйткені бұл жерде ауыл жастары музыкалық және басқада да үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдаланумен өткізуге жағдай жасалынбақ.

Ауылдық клуб қыркүйек айында елді мекен тұрғындарына қызмет көрсете бастайды. 

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Ауылдық клуб күзде тұрғындарға қызмет көрсете бастайды