Ауыл клубтары қайта жаңғырады

Screenshot_18.jpg

Шілде айының 10 күні Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізген болатын. Қабылдауға келген Телевышка мөлтек ауданындағы Жаңа құрылыс көшесінің тұрғындары ағын су және ауыз су мәселелерін алға тартып, өтініштерін білдірген болатын. 

Тиісінше аудан әкімі тарапынан аталған мәселелер бойынша өтініштерін қанағаттандыру мақсатында шілде айының 15-не дейін тиісті сала басшыларына шешу мақсатында нақты тапсырмалар беріп, өз бақылауында ұстайтының жеткізді.

Бүгін, осы берілген тапсырмалардың орындалу барысын аудан басшысы өзі арнайы барып тексеріп, аталған көшелерді аралады. Мөлтек аудан тұрғындарының өтініштері толық орындалғанына көзі жеткен аудан басшысы, тиісті мекемелер мен окуруг әкіміне мөлтек ауданның жаңа үйлер түсіп жатқан беткейіне толыққанды ауыз су мен ағынды суды жеткізуді тапсырды.

Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түлкібас ауданында көп жылдан бері жөндеуді көрмеген мәдени нысандар қайта жөндеуден өтіп, ауыл тұрғындарының рухани азық алатын орнына айналмақ. 19 шілдеде аудан әкімі Н.Әбдісаттарұлы жұмыс күнінің екінші жартысында күрделі жөндеуден өтіп жатқан Елтай ауылық клубына ат басын тіреп, жұмысымен танысты. 

Аталмыш нысан 100 адамға есептелген. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары 60 пайыздан асқан. 

Келесі кезекте аудан басшысы Алғабас ауылық клубының күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. 

100-ден аса адамға есептелген мәдени нысанның жөндеу жұмыстары мен қатар, аумағы толығымен қоршалып, абаттандырылмақ.

Жаңадан жаңғырған мәдени нысандарында ауыл жастары музыкалық және басқада да үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдаланумен өткізуге жағдай жасалынбақ.

Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер