Индустриалды аймақта кәсіпкерлерге зор қолдау көрсетіледі

b402e264d0f5bd4ad8e61997cf84a4cc.jpg

Фотода: Талғат Қыдырбаев, «Turkistan» индустриялды аймақтардың басқарушы компаниясының бас директоры 

Кәсіпкерлікті дамытуда индустриалды аймақтың үлесі зор. Индустриалды аймақтар өз кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге инфрақұрылым жүйелеріндегі мәселелерін шешіп беріп, бірден жұмысқа кірісіп кетуіне мүмкіндік сыйлайды. Түркістан қаласында «Turkistan» индустриялды аймағы бүгінде кәсіпкерлермен тығыз жұмыс істеуде. Индустриалды аймақ басшысы Талғат Қыдырбаев аталған аймақтардың болашағы зор екендігін айтады.

– Түркістан облысының экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында 9 ауданда жалпы 415 гектар қамтитын индустриалды аймақ құрылған. Ол аймақтарда 1512 жанды жұмыспен қамтыған 26 жоба іске асуда. Жалпы құны 22 миллиард теңгені құрайды. Яғни, біздің  бюджеттік 1 теңге шығынды 3,5 теңге жеке инвистиция тартылған. Қазіргі таңда Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері отандық және шетелдік инвесторлар аймағымызда кәсіпорын ашуға қызығып отыр. Сол себептен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің тікелей қолдауымен, ҚР Премьер-министрімен бекітілген 2019-2024 жылдар аралығында жүзеге асатын өңірлік кешенді даму жоспарына сәйкес Түркістан қаласында жалпы жер аумағы 310 га құрайтын жаңа индустриалды аймақ салынады. Бұл индустриалды аймақтың инфрақұрылым жүйелерін жүргізу үшін республикалық бюджеттен 4 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге қарастырылып отыр. Қазіргі кезде, Түркістан қаласының құрылыс бөлімі және халықаралық «Эра» компаниясымен бірлесіп отырып жобаға қатысты құжаттар әзірленуде. Осы құжаттар дайын болса, инфрақұрылымдарды жүргізу жұмысының құрылыстары басталады. Одан бөлек индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы әлемдік үздік индустриалды аймақтардың жұмыстарын және басқару тәсілдерін бақылап отырды. Түркия мемлекетінің 40-50 жыл тәжірибесі бар индустриалды аймақтарда қолданылатын  броунфилд үлгісінде 7000 шаршы метр алаңда болатын өндірістік ғимарат салуды жоспарлаудамыз. Броунфилд үлгісіндегі ғимаратты Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландырады. Оның бір жақсы мүмкіндігі – кәсіпкерлер мен инвесторлардың өздерінің алып келген техникасын дайын ғимаратқа қойып, іс жүргізуіне мүмкіндік береді. Оларға ғимаратты екі жолмен қолдануға береміз. Бірінші жол - жалға алу нәтижесінде жекеменшікке беру. Екінші жолы - тек жалға алу. 

Шетел инвесторларын бұл аймаққа қызықтыру мақсатында «Түркістан инвест» компаниясы құрылған. Мекеме шетелдердегі елшіліктер арқылы кәсіпкерлермен байланысқа шығады. Әуелі инвестор тартқымыз келетін мемлекеттің экономикасына сараптама жасаймыз.  Инвесторларға қандай пайдалы қазбалар, ресурстар бар, бизнесін жүргізуге қандай жеңілдіктер мен бағдарламалар бар екендігі айқын көрсетіледі. Шетелге шығып инвесторлармен кездесу ұйымдастырылып тұрады. Біздің жақта кәсіп жүргізуге қызығушылығы болады-ау деген мемлекеттермен көбірек жұмыс жасаймыз. Құжат мәселесін тез шешіп бере алатынымыз артықшылығымыз, - дейді «Turkistan» индустриялды аймақтардың басқарушы компаниясының бас директоры.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер