Қаланың әлеуметін арттыруға тамақ кәсібі ықпал етеді

image.png

Түркістандағы мейрамханалар қызметі нарықтық экономикаға көшкеннен бастап белгілі өзгерістерге ие болды. Халықтың әлеуметтік жағдайы жоғарылаған сайын әлеуметтік-мәдени және мәдени демалатын орындарға сұраныс та арта түсті (кафе, мейрамхана, клубтар). Қоғамдық тамақтану нарығында ұсынылатын өнім, қызмет, олардың бағасы, бәсекелестігі тұтынушылар сегментіне байланысты икемделді. Солардың бірі Кувшин мейрамханасы. Мейрамхана өз қонақтарына ерекше ұлгідегі ас мәзірі мен қызмет түрлерін ұсынады. Мейрамхана жылдам қызмет көрсететін ұлттық мейрамханалар түріне жататындықтан болар мұнда келуші қонақтар үзілген емес. Оның үстіне болашақта мейрамхана мемлекет қолдауымен белсенді түрде дамуды да көздеп отыр.

Кувшин, сонымен қатар, өз қонақтарына дәмді тағамдар, сыпайы қызмет көрсету және тамаша атмосфера ғана емес, сонымен қатар банкет залын жалға алу сияқты қызмет ұсынады. Мейрамханадағы жайлылықтың жоғары деңгейі де оның тұтынушыларының көбеюіне ықпал етеді.

Отандық қоғамдық тамақтандыру орындарының құрылымы еуропалық елдермен салыстырғанда өзгеше, мысалы, Францияда жалпы қоғамдық тамақтандыру орындарының көлемі 41% (мейрамхана), Норвегия 38%, Германия 28%, Қазақстанда 4,5%. Болашақта осы пайыздың артуына Түркістан қаласы да өз үлесін қосады деген үміт бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер